2025 жылдың 30 маусымында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. Абуовтың төрағалығымен облыстағы жұмыспен қамту мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.
Іс - шараға басқарма қызметкерлері, облыстық еңбек мобильділігі орталығының мамандары, сондай - ақ Орал қаласы мен аудандық мансап орталықтарының директорлары қатысты.
Кеңес барысында БҚО еңбек мобильділігі орталығының директоры С. Баймуханов облыстағы жұмыспен қамту көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы жан - жақты баяндама жасады. Сонымен қатар, басқарманың жұмыспен қамту және көші - қон бөлімінің басшысы А. Биғалиев «Өңірлік жұмыспен қамту картасының жүзеге асырылуы» тақырыбында өзекті мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар баяндамалар бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшысы жұмысты жандандыруға бағытталған нақты тапсырмалар беріп, жұмыспен қамту саласындағы межеленген көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.